Даю 50 баллов жұмыс дәптерге 1 мысал келтіру арқылы қысқа жауап беріңіздер. 1) табиғи ресурстарды экономикалық бағалаудың мақсаттары мен міндеттері не? 2) табиғи ресурстардың бағалау маңызы қандай? 3)«табиғи ресурстарды тиімді және тиімсіз пайдалану» дегенді қалай түсінесің? 4)елдің экономикалық дамуында табиғи ресурстардың алатын орны қандай? 5)өнеркәсіптің дамуы елдің экологиясына қандай қауіп төндіруі мүмкін? 6)лас өнеркәсіпті болдырмау мақсатында баламалы энергетикаға көшудің рөлі қандай? 7)сенің ойыңша, ол барлық елдерге тиімді ме? 8)табиғи ресурстарды мүлдем өндірмесе, экологиялық тепе-теңдік сақталады, алайда елдің экономикалық дамуы тежеледі. осы мәселені шешу үшін қандай ұсыныс айтар едің? — Знания.org

Даю 50 баллов жұмыс дәптерге 1 мысал келтіру арқылы қысқа жауап беріңіздер. 1) табиғи ресурстарды экономикалық бағалаудың  мақсаттары мен міндеттері не? 2) табиғи ресурстардың  бағалау маңызы қандай? 3)«табиғи ресурстарды тиімді және тиімсіз пайдалану» дегенді қалай түсінесің? 4)елдің экономикалық дамуында табиғи ресурстардың алатын орны қандай? 5)өнеркәсіптің дамуы елдің экологиясына қандай қауіп төндіруі мүмкін? 6)лас өнеркәсіпті болдырмау мақсатында баламалы энергетикаға көшудің рөлі қандай? 7)сенің ойыңша, ол барлық елдерге тиімді ме? 8)табиғи ресурстарды мүлдем өндірмесе, экологиялық тепе-теңдік сақталады, алайда елдің экономикалық дамуы тежеледі. осы мәселені шешу үшін қандай ұсыныс айтар едің? — Знания.org Инвестиции

Естің негізгі процестері

Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы — ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл — болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.

Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны және, т.б., ал енді олардың әрқайсысының жадталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.

Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпарат санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.

Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы міндеттер белгіленумен бірге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой-пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде — сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшіншіде бірде — деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.

Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс-әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте қалдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қалдырудың болмағанынан ойда қала бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нәтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттің басты мақсаты — қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекет мнемикалық (мнема — ес) әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау — саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.

Механикалық және мағыналық есте қалдыру.Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарында екінші сигналды жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді. Механикалық жаттау тиімділігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.

Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілген материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы — мәтіннің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді тізбегі құрылады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегінде шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді. Жоспар түзуге машықтану адамды оқуға, қызықтырған мәселелердің ішкі байланысы мен тәртібін байқап баруға үйретеді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.

Материалды ұғудың пайдалы әдісі — салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендегілермен салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.

Материалдың түсінімді болуы — оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп бару қажет.

Есте берік қалдырудың жолы — қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді және әр түрлі болуы ләзім (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру, схема сызу, таблица түзу, көрнекі құрал жасау, т.б.). Белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жанданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.

Қайталаудың әр түрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен, күнделікті тұрмыстық практикамен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар (пассив) қайталаудан пайда шамалы. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады: жинақты және бөлшектенген. Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы, оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12 рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген қайталауда мәтіннің әр оқылу арасы бірнеше уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игерілуі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын, әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып барады.

Психологияда жаттау әдістерінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап, аралас. Бірінші әдіс: материал мәтіні бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет, толық игерілгенше қайталанады. Екіншіде — материал бірнеше бөлікке ажыратылады да, әрқайсысы өз алдына бірнеше қайталанып, жатталады. Аралас жаттауда тұтастай игеру және шамалап есте қалдырумен материал элементтері біріктіріледі. Бүтін материал алдымен толық, көлеміне орай бір не бірнеше рет оқылады, кейін қиын тараулары бөлініп алынып, өз алдына жатталады, ақырында бүтін мәтін қайтадан толық жаттауға түседі.

Есте қалдырудың нәтижелі болуы материал сипатына да тәуелді. Көрнекі-бейнелі нысан жалаң сөзден гөрі тәуір есте бекиді; мағыналы ұштасқан мәтін жеке, байланыссыз сөйлемдерге қарағанда оңай жаңғыртылады. Түсіндірме (объяснительный) мәтіндермен салыстырғанда суреттеме (описательный) мәтіндер оқушылар есінде тез орнығып, ұзақ сақталады.

Табысты есте қалдырудың және бір тиімді жолы қажет материалды жүйелестіре білу, яғни есте қалдыруға керек болған заттарды қандай да белгілері бойынша топқа жіктеп, біріктіру, мысалы, түріне, көлеміне, формасына, оқиғалардың өту уақытына т.с.с.

Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық (қозғалмалы) және статикалық (тұрақты) түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметтік (оперативная) есте орын иелеп, ал статикалық — ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.

Ұзақ мерзімді есте сақталатын материал сырттан үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттардың әсерінен ұдайы қайта жасалып жатады. Мұндай процесте естің жаңалануы әр түрлі формада өтуі мүмкін: есте сақталған материалдың кейбір бөліктері жойылады, бірінің орнына екіншісі келеді, материалдың орналасу кезегі өзгеріске түсіп, қажет бір жалпылыққа келтіріледі. Бұның барлығы қайта жаңғырту кезінде байқалады. Ақпараттың сақталғаны және оның өзгеріске түскенін естің келесі екі процесінде анықтау мүмкін, бұлар — тану мен қайта жаңғырту.

Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысанды тану сол объектіні қабылдау кезінде көрінеді, яғни объектнің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.

Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дәл біле алмай, тек шырамытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады; толық тануда субъект қабылданып жатқан нәрсені қалтқысыз белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны танитыны жөнінде қосымша айғақтар келтіреді.

Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді тікелей көрмесе, ол, әлбетте, біраз қиналады.

Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.

Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды (ассоциация) қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз қойылып, екіұшты болса, баланың материалды еске түсіруіне кедергілік етеді. Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру — бұл әрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.

Қайта жаңғырту тікелей немесе жанамаболып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға (нысанға) қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді.

Ұмыту.Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі — уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақытылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда «ес деңгейлері» деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтуімен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта, айтып берсе, онда балада бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп айтып беру үшін қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ере алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.

Ұмыту материал құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда, оның кейбір мәнді бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жаттағандарын ескілерімен шатастыруда көрініс береді. Ұмытшақтықты жеңу үшін оның туындауына себепші келесі заңдылықтарды білу қажет:

1. Ұмытудың уақыт ішінде желісі әр түрлі. Жатталғанның есте тұрмауы, әсіресе, материалды бірінші қабылдаудың ізін ала болады, ал кейін дейділеген ақпарат ұмытыла бермейді.

2. Қабылданған материалды қайталап бару жұмыстарын кейінге ысырып қоймай, дер мезгілінде орындап тұрған жөн.

3. Қабылдаудың ізін ала ұмтылған материал бірнеше уақыт өтуімен қайта еске оралады. Бұл құбылыс психологияда реминисценция (жобалай еске түсіру) деп аталған.

4. Материалдың тез істен шығып, ұмытылуы, оның түсініксіздігінен, мағынасына жете ене алмағандықтан да болады. Сондықтан әрдайым мұғалім ұсынылған материалдың жеткілікті деңгейде түсінімді болғанын анықтап алғаннан соң ғана оны есте қалдыруға байланысты жаттығуларға өткені дұрыс.

5. Адамның ұмытшақ болуының үлкен бір себебі — оның айналысқан материалының қызықты болмай, тұрмыстық қажеттілікпен байланыспауынан келіп шығады. Осыдан да ересек адамдардың көбі өз кәсібіне, өмірлік қызығуларына орай өткен оқиғалар мен кезіккен ақпараттарды жадынан шығармайды.

6. Ұмыту желісі материал көлемі мен оны игеру қиыншылықтарына тікелей байланысты.

7. Ұмыту процесінің кем болуы үшін жаттау қызметінен кейінгі іс-әрекет алдыңғы жаттауға кедергі болмай, оны қайталауға байланысты жұмыстармен ұштастыруға мүмкіндік бергені орынды.

8. Ұмытшақтыққа себепші көп факторлардың ішінде аса қатерлісі — адам жүйке жүйесінің әр түрлі сырқаттарға шалдығуы мен бас құрылымының кездейсоқ соққылар мен жарақаттар алуы. Ұмыту қызмет бабымен шаршауға да байланысты. Қажетті материалға назар аударуға кедергі келтіретін шектен тыс әсерлер де ұмытшақ болуға өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Ұмытшақтықпен күресте жоғарыда келтірілген жаттаудың ғылыми негізделген әдістерін білу көп жәрдемін тигізері сөзсіз. Бұл ұсыныстарды елемеуден материалды есте қалдыру мен есте сақтау үшін бекерге уақыт жойып, көп еңбек сарп етіп, ақырында межелеген нәтижеге жете алмай қалу екінің бірінде болатын жағдай.

Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әр түрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген-білгенін қас-қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме — бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таңқалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жатқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.

Ес бұзылысы кейде өткендегі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге науқас адам санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқиға, жағдай естен кетпестей орын тебуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұзылуынан да көрінеді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп-тәуір жаттап, материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған, білгендерін тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре алмай қиналады. Мұндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп, оның ой жүрісінің бұзылғанын байқаймыз.

Ес бұзылыстарын зерттеу ми сырқаттарының белгілерін дәл танып, болжастырумен бірге.

(Қараңыз. «Жантану негіздері». С. Бабаев (Бап-Баба). Алматы, 2001 ж. 154-170 беттер).

Про бизнес:  Тест: Верные ответы на тесты по инвестициям -

Ес теориялары

Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде жария етілді.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологі Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бізді беку процесін байқастырды. ХХ ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмайды. (А. Бергсон)

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А. А. Смирнов және П.И.Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа әрі мәнді заңдарын ашып, жадта қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялықжолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.

Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан-алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0, 1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз: қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек нақты әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.

2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жаймен жойыла бастайды.

3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.

Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей жойылады да ұзақ сақтауға келмейді.

Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан ұзақ мерзімді ес — жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі — шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі — материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық — бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.

Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.

Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты «топталған не тізбектелген» (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі — уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі — олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі — қарама-қарсылыққа негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі — себеп-салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация). Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.

Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жинақтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрлі қызмет етеді, бірі — қоздырушы, екіншісі — тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы — қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізінде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылыныңмолекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрамы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілген-ді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.

Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бірі-бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак-Коннел).

Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.

Есте қалдыру және қайтадан жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдырақ болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес — қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес — ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты — қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыратылады.

§

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі кұрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адам сырткы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығымен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы – адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін – объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ойлау — аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің зандары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

§

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.

I)Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискурсивті: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

II)Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:

1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;

2) нақты тұлға ой – өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: а) шектен тыс сыншылдық; ә) шешім іздеудегі асығыстық;

3) ішкі шек қоюшылық (цензура);

4) регидшілдік (ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық);

5) конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тартыншақтық). Қайта жаңғыртушыой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы – дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.

III) Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялықжәне тәжірибелікболып бөлінеді. (Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. А. 2003. 161 б).

IV)Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты – әрекетті; 2) көрнекі – бейнелі; 3) сөзді – логикалы болып түрленеді. (Бұл да сонда. 162 б).

Ой операциялары

Адамныңойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей, бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет етіп отырады. Ой тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыружатады.

Анализ – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Анализ (талдау) тәжірибелік (ойлау-сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді.

Синтез – бұл әр түрлі бөлшектер, қасиеттер мен әрекет – қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама-қарсы екі жағы. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, демек ой тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру керек.

Абстракциялау дегеніміз – ұғымдардың кездейсоқ белгілеріне көңіл аудармай, тек маңызды ерекшеліктерін оқшаулап бөліп алу.

Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Яғни, жалпы ұғымдардан жалқы, нақты ұғымдарға көшу.

Топтастыру – заттар мен құбылыстардың, жағдайлардың топқа және шағын топтарда белгілеріне қарай ойда топтастыру және біріктіру.

Про бизнес:  Расчет ВНП по затратам. Личное потребление, валовые инвести­ции, государственные закупки, чистый экспорт

Салыстыру – бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой-әрекет. Салыстырудың түрлері: а) бір жақты; ә) көп тарапты; б) үстірт және тереңдей; в) тікелей және жанама.

Гипотиза – болжау, жағдайларды шешудің проектісі.

Инсайт – кейбір мәселелерді тез арада шешуді түсіну.

§

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседе. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бүрынғы үрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қалады, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.

Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мең ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі — тілімде, тілімдегінің бәрі — түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль, т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады.

Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы, т.б. сапаларымен ажыратылады.

Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шыр айналдырады да жүреді.

Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой-әрекетін өз қажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мәселен, «Ой ойласаң, тең ойла, тең ойласаң, кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.

Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығыдейді. Бұған қарама-қарсы қасиет — ойдың асығыстық түрі. Мұңдай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді. Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу — адамның жақсы касиеттерінің бірі. Мұндай адам алдындағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз творчестволық (шығармашылық) ойдың иесі.Кейбіреулер бұған қарама-карсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді.

§

Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері — қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу, т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс. «Эмоция» ұғымының төркіні — «емовера» деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция — адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі — эмоция — жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық – әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч. Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі — адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді. Адам — эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі «көңілдің» алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды, шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады.

Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың нервтік қозуынан және вегетативтік нерв жүйесінде жүріп жатқан физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты, ми қыртысы астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды әсер етеді. Эмоциялық процестер адам организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек, өкпе, орталық нерв жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді. Әр түрлі көңіл-күйлері вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік өзгерістерімен қосарланады.

Электрофизиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің айрықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық күйге келу мен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алғанда таламус, гипоталамус және лимбика жүйесінің қызметтерімен анықталады.

Ретикуляр(немесе тор түстес) формациясықызметін жүргізілген ең жаңа зерттеулер ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігін арттыратынын ашты.

§

Қоғамның нақты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі – адамгершілік сезімдері. . Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар. Адамгершілік — моральдық сезімдер. Қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» — «морале» деген француз сөзі. Мағынасы — адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы — мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады. Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізгі — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер — борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.

Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі — адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім –обьективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды. Эстетикалық сезім-мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістенуші фактор ретінде қарастырылады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады.

Практикалықнемесе практикалық сезім, адамның іс-әрекетімен, өзгерісімен, жетістіктерімен, іске асуындағы қиыншылықтарымен, оның аяқталуымен байланысты.

§

Адам бала кезінен белгілі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қасиеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер басқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез-құлқының стилін құрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірге өмір сүреді. Ол қоғам мүшесі, өзінің идеологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың өкілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуальды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.

Жеке адамның еріктік қасиеттерінің негізгілері мыналар:

1. Қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиеттімақсатқа ұмтылушылықдеп аталады.

2. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиет батылдықдеп аталады.

3. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті табандылық деп аталады.

4. Ұстамдылықнемесе сабырлылықдеп бөгет жасайтын психикалық көңіл-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті айтылады.

5. Өзі талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиетідербестікдеп аталады.

Дербестікке қарама-қарсы ерік қасиеті иланғыштық.

/Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003. 203-206 бет).

ТЕМПЕРАМЕНТ

Темпераментке жалпы сипаттама

Темперамент типтері

Темперамент туралы теориялар

Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.

Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтанған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түсіну үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылады:

1. Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап – әрекеттің туындау шапшаңдығы.

2. Жауап – әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап – әрекет дәрежесі.

3. Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау, т.б.).

4. Жауап – әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам, т.б.

5. Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

6. Жауап – әрекет қарқыны – әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

7. Экстраверсия, интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс-қимылына себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

8. Сезімдік қызбалық-эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.

§

Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э. дейінгі V ғ.) болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: қан, шырын, сары және қара өт. Олар дұрыс араласса, адамның дені сау, дұрыс араласпаса, сырқат болады. Организмді сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына қарай қойылған темперамент атаулары: холериктік темперамент – cho1e (өт), сангвиниктік темперамент – sanguis (қан), флегматиктік темперамент – ph1egma (шырын), меланхоликтік темперамент –melanos cho1e (қара өт). Гиппократтан кейін Клавдий Гален (б.э.д. 2 ғ.) темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге атсалысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар аударарлық тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.

Про бизнес:  Подробнее о деятельности Центрального банка, или ЦБ для «чайников» — Bankir.Ru

Осыдан келіп, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт – конституционалдыпсихикалық тип белгіленген:

1. Лептосоматик– бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сыйдиған.

2. Пикник– мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

3. Атлетик– бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар – әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай:

¾ шизотомик –дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын;

¾ иксотомик –денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл;

¾ циклотомик –семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.

Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспериментальды дәлелденген. И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;

· күшті, қозуы басым – холерик;

· әлсіз тип – меланхолик.

§

Қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.

Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.

Мінез — адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.

И.П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «… адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. «… Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» (әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады.

§

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.

Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық, т.б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәпарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік. 4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы, т.б.

Мінез құрылымындағы қасиеттер.Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады: 1 — мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білідіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет — мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

Нәсілдік және мінез.Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез қасиеттері нәсілдік биологиялық заңдылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады.

Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарай өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық негізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.

Мінезді топтастыру (классификациялау) туралы әр түрлі тәсілдер бар.

1.Конституционалды теория (Э. Кречмер, У.Шелдон) жеке тұлғаның мінезін оның сыртқы бейнесімен байланыстырады.

2.Акцентуация негізінде мінезді классификациялау (К. Леонгард, А.Личко).

Акцентуация – индивидтің психикасындағы кейбір мінез бітістерінің гипертрофильденген «нашар жерлерінде» байқалады нәтижесінде олардың қоршаған ортадағы адамдармен қарым-катынасы нашарлайды, бұл ең соңғы варианттар ережесі.

А. Личко бойынша жасөспірімдердің мінезінің акцентуациясын былай классификациялау:

1. Гипертивті тип.

2. Циклоидті тип.

3. Лабильді тип.

4. Астеноневротикалық тип.

5. Сезитивті тип.

6. Психоастеникалық тип.

7. Шизоидті тип

8. Эпилептоидті тип.

9. Истероидті тип

10. Аумалы тип.

11. Конформді тип.

К. Леонгард акцентуацияның 10 типін былайша бөледі:

1. Гипертимді тип.

2. Дистимді тип.

3. Циклоидті тип.

4. Қозғыш тип.

5. Бір ойға тұтылып қалу.

6. Педанттық тип.

7. Мазасыз тип.

8. Эмотивті тип.

9. Демонстративті тип.

10. Экзальтирлі тип.

Акцентуацияның әр түрлі жағдайда көрінуі – психопатия ауруы туралы ойланғанда ең соңғы варианттарының жеңілділігі, қоршаған ортасына танымалдылығы. Психопатия – аурудың немесе психикалық жарақаттардың ықпалымен психопаттарда ұзаққа созылған невроздық күйлер сондай-ақ депрессиялар пайда болуы мүмкін. Психопатиялардың профилактикасында лайықты тәрбиенің, психотерапевтік және психофармокологиялық емдеудің маңызды мәні бар. (Психопатиялар грек. Psyche — жан, pathos – зардап шегу, ауыру) – мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттердің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.

§

Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.

Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» (әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай, түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек-сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.

Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.

Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиеленген бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.

Ойлау формалары — егенисова а.қ

Байланысты:

Егенисова оқу құралы

3. Ойлау формалары. 
Ойлау    формалары:  ұғым,  пікір,  ой  қорытындысы.  Ойдың  бастапқы 

формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы 

ой.  Ұғымда  заттардың  жалпы  және  негізгі  қасиеттері  бейнеленеді.  (Мәселен, 

мектеп,  оқушы,  мұғалім  т.  б.  әр  текті  ұғымдар).  Адам  ұғым  арқылы  дүниедегі 

заттар  мен  құбылыстарды  (жеке,  дара,  жалпы  жинақтай)  ӛзіне  тән  белгілерін, 

байланыстарын,  қатынастарын  миында  сәулелендіреді.  Ұғымда  адам  жеке 

заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын 

ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда 

мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді. 

Ұғымдар  дара  және  жалпы  болып  бӛлінеді.  Мәселен,    «Ақтау  қаласы», 

«Абай  Құнанбаев»    дара  ұғым  болса,    «қала»,    «адам»    т.  б.  жалпы  ұғым  

болады.  Кейде  жинақтаушы  ұғым  да  болуы  мүмкін.  Мәселен,  «мәжіліс» 

(депутаттар   мәжілісі  ), «кітапхана»  (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке 

келгесін  ғылыми  ұғымдарды  меңгере  бастайды,  оның  білім,  дағдыларының 

түсуі  ғылыми  ұғымдардың  негізін  меңгере  білуге  қолайлы  жағдай  туғызады. 

Әрбір  ұғымда  белгілі  мазмұн  болғандықтан,  ол  ұғымды  бірден  меңгеру  оңай 

емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. 

Шындықтағы  заттардың  қарапайым  байланысы  пікірлерден  кӛрінеді. 

Пікір  —  бұл  бір  зат  туралы  мақұлдау  не  оны  бекерге  шығаруда  кӛрінетін 

ойлаудың  формасы.    Пікір  ақиқат  және  жалған  болып  бӛлінеді.  Мәселен, 

«Ақтау — әдемі, жас қала»  десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал 

«Қасқыр  қауіпті  аң  емес»    десек,  бұл  жалған  пікір  болып  табылады.  Әрбір 

пікірде  үш  бӛлім  болады.  Олар:  бастауыш,  баяндауыш  және  байланыс. 

Мәселен,  жоғарыда  келтірілген  пікірде:  «Ақтау»  —  логикалық  бастауыш. 

«Әдемі,  жас  қала»-  логикалық  баяндауыш.  Байланыс  сӛздер  («деп», 

«дегеніміз»,  «айтамыз»  т.  б.)  пікірде  кӛбінесе  айтылмай,  тек  ойға  алынып 

отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік 

материал  негізінде,  тілдік  терминдер  мен  сӛйлемдердің  негізінде  ғана  туып, 

ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Ӛйткені бұл 

екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу.  Пікірлердің  әр түрін, оның   оның 

ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен 

ойлау формасы ретінде  пікірдің мазмұнын зерттейді.  

Ойлаудың формаларының   бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары 

дегеніміз  бірнеше  пікірлерден  жаңа  бір  пікір  шығару  тәсілі.  Қорытынды 

шығару  үшін    оларды    белгілі  тәртіпке  бір-бірімен  байланыстыруымыз  қажет. 

Катар  тұрган  кездейсоқ  пікірлерден    ой  қорытынды  шықпайды.  «Жаңбыр 

жауды»,  «Қоңырау  соқты»  деген  екі    пікірдің  арасында  ешбір  логикалық 

байланыс  жоқ.  Сондықтан,  бұл  екі  пікірден    үшінші  жаңа  бір  пікірдің  тууы 

мүмкін емес. 

Ой    қорытындысының    үш  түрі  болады:    дедукциялық,    индукциялық,  

және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан 

жекеге  қарай  жүретін  ой  қорытындысы.  Мәселен,  «ағаш  жанады,    кӛмір 

жанады,  қағаз  жанады»      деген  жеке  пікірден    «барлық  органикалық  заттар 

жанады»  жалпы ой қорытындысы жасалады.     

Дедукция    —    жекеден  жалпыға  қарай  жасалатын  ой  қорытындысы 

мәселен,  «Барлық  тірі  организмдер  оттегі  жоқ  жерде  тіршілік  ете  алмайды,  ал 

балық  тірі  организмнің  бірі,  олай  болса  балық  оттегі  жоқ  жерде  тіршілік  ете 

алмайды»    деген  жеке  ой  қорытындысына  келеміз.  Индукция  мен  дедукция 

ойымызда қатарласа жүріп  отырып, бірінсіз бірі болмайды.   

 Аналогия  дегеніміз  —    ұқсастық  бойынша  ой  қорытындыларын  жасау. 

Мәселен,  И.Ньютон  бүкіл  әлемдік  тартылыс  заңын  тапқанда,  ой 

қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол  жер үстіндегі денелердің қозғалуы, 

әсіресе,  құлауы  мен  аспан  денелерінің  қозғалуы  арасындағы  ұқсастықты 

түсіндіруде  аналогияны  келтірді.  Аналогия  осындай  ғылыми  гипотезаның 

бастамасында елеулі роль атқарады. 

Ой    қорытындылары  адамды    мәселені  теріс  шешуге  де  әкелуі 

мүмкін.Сондықтан  ол  практика  мен  табылған  шешімдерді  басқа  белгілі 

фактілермен  жан-жақты  салыстырулар  кӛмегімен  үнемі  тексеріп  отыруды 

қажет  етеді.  Егер,  студент  қыз  қиын  емтиханды  сәтті  тапсыруға  үстіне  киген 

жасыл  кӛйлегі  бірден-бір  себеп  болады  деген  ойқорытындыға  келіп,  осы 

«құтты»  кӛйлегіне  сеніп  келесі  емтиханға  да  дайындалмай  барса,  практика 

оның жасаған ой қорытындысының  қате екендігін  кӛрсетеді. Ӛйткені, кӛйлек 

пен  емтихандағы  жетістік  бір  –  бірімен  себептік  байланысы  жоқ,  тек  қыздың 

тәжірибесінде кездейсоқ  дәл келген  екі шарт қана  
 4.  Ойлаудың түрлері. 
Ойлаудың үш түрі болады:  Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, 
теориялық ойлау.   
Практикалық  ойлау  —  нақты  заттармаен  тікелей  байланыса  ой  қызметін 

орындау  түрі.  Мәселен,  машина  моторының  неліктен  бір  қалыпты  жұмыс 

істемей тұрғандығын білу үшін жүргізуші  капотты кӛтереді, мотордың қызуын 

байқайды,  контактілерді  тексереді,  егер  қажет  болса  сымдардың  ұшын 

тазартады,  кей  жерлердегі  шайбаларды  нықтайды,  свечаларды  алып  қарайды, 

майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрі  практикалық деп аталады. Оны шешу 

тәсілі — практикалық әрекет. 

Нақтылы-бейнелі  ойлау  —  елестер  мен  психика  ӛрнектерін  арқау  еткен 

ойлау  түрлері.  Адам  заттың  бейнесін  ғана  емес,  оның  қимыл-қозғалыстары 

туралы  ойлайды.  Мәселен,  адам  мылтықтың  құрылысын  қандай,  оны  қандай 

бӛлшектерге  бӛлуге  болады  десе,    мұндайда  оның  ойы  кӛрнекті,      бейнелі 

болады. Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бӛлшектерге бӛліп әрекет етсе, 

кӛрнекті  әрекет  ойы  болады.  Керек  жерге  қай  жолмен  тезірек  жетуге 

болатынын  ойластырған  адам  барар  жолдың  барлығын  кӛрнекі  бейнемен 

елестетіп шығады. Ол олардын әркайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп 

ӛтуге  кететін  уақытын  салыстырып  талдайды,  мәселені  ойша  шешеді. 

Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады. 

Теориялық  ойлау  —  абстракт  түсініктерді  пайдалану  және  жалпыланған 

заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.  Егер мәселе теориялық түрде 

қойылса,  оны  шешу  үшін  абстракциялық  ұғымдарды,  теориялық  білімдерді 

пайдалану  талап  етіледі.  Мәселен,  оқушыға  оқыған  шығармасының  әдеби 

қаһармандарының  қайсысының  пікірі  дұрыс  екенін  анықтау  тапсырылса,  ол 

кітап  қаһармандарының  барлық  нақтылы  қылықтарын  талдаудан    ӛткізуі, 

оларды  «борыш»,  «намыс»,  «берілгендік»,  «патриотизм»  т.  б.  сияқты 

ұғымдармен берілетін қоғамда-қабылданған мораль нормаларымен салыстыруы 

қажет. Мұндай ой  теориялық (сӛздік-ұғымдық) деп аталады. 

 
Қолданылатын  құрал-жабдықтарына  тәуелді  ойлау  келесі  түрлерге 

бӛлінеді: 

Вербалды (сӛздік) және визуалды (кӛру), нақты  және  дерексіз  (абстракт) 

ойлау. Бағыт-бағдарына қарай ойлау бірнеше түрге ажыратылады: 

Логикалық (қисынды) ойлау  — логикалық  амалдар( салыстыру, жүйелеу, 

қорыту т.б.)  жәрдемімен орындалатын ойлау түрі. 

Синкретикалық(  біріктіру)  ойлауда    құбылыстар  мәнді  қатынастарынан 

емес сырттай ұқсастық белгілері бойынша ӛзара байланыстырылады.  

Шешілетін  мәселе  мен  орындалатын  іс-әрекеттердің  стандартты  немесе 

стандартты  болмауынан  келесідей  ойлау  түрлері    ажыратылады:  алгоритмдік, 
дискурсив, эвристикалық, және шығармашыл ойлау.  

Алгоритмдік  ойлау  –  типтік  мәселелерді  шешуге    қажет  алдын-ала 

белгіленген  ережелерге,    әрекеттердің  қалыпты  бірізділігіне  орайласқан  ойлау 

түрі.  

Дискурсив  ойлау  —  ӛзара  байланысты  ұғымдар  жүйесіне  негізделген  ой 

әрекет түрі.  

Шығармашыл  ойлау  –  соны  жаңалықтар  ашуға,  түбегейлі  жаңа 

нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.  

Эвристикалық  ойлау  –  қалыптан  тыс  мәселе,  міндеттердің  шешімін 

табуға бағытталған ӛнімді ойлау процесі.  

Танымдық  процестер  ӛздерінің  ӛту  сипаттары  бойынша  шұғыл  сезімдік 
(интуитивтік)  және  аналитикалық (талдауға негізделген) болып бӛлінеді.  

Шұғыл  сезімдік  (интуитивтік)  ойлау  сипаты:  ӛтуі  шапшаң,    толық 

түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.  

Ойлаудың  арнайы  түрі  акустикалық  –  психикалық  сырқаттармен 

кӛрінеді(  ақылдан  адасу,  ес  ауу  жағдайында).  Ӛмірде  мұндай  сырқатта  ойдың  

ӛтпелі  формалары  кӛптеп  кездеседі,  нақты    тәжірибеден  шамалап  ажырасудан 

бастап, негізсіз шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.  

5. Ақыл-ой сапалары. 
Тұлғаның    ӛзіндік  ӛзгешелігін,  даралығын    құрайтын  кӛптеген 

қасиеттерінің ішінде ақыл сапаларының елеулі мәні бар. Олар адамның ақыл-ой 

қызметінің 

ерекшеліктерінен, 

оның 

ақыл-ой 

қабілетінің 

ӛзіндік 

ӛзгешеліктерінен  кӛрінеді.  Ақыл-ойға  қабілеттілік  деп  нақты  бір  адамның 

ойлану  ӛзгешелігін  білдіретін  сапалар  жиынтығы  айтылады.  Ақылдың  мұндай 

сапаларына  білім  құмарлық,  ізденімпаздық,  ой  тереңдігі,  ақылдың  икемділігі 
мен  оралымдылығы,  логикалылығы,  дәлелділігі,  сыншылдығы    тағы    басқалар 

жатады. 

Білім  құмарлық  пен  ізденімпаздық.  Ақылдың  бұл  сапалары  әлі  белгілі 

емес  жайттарды  білу,  адамның  күнделікті  ӛмірінде  кездесетін  жаңа,  айрықша 

нәрселерді  ашу  (ұғыну)  қажеттілігі  ретінде  пайда  болады.  «Білім  құмарлық» 

пен  «ізденімпаздық»  ұғымдары  кӛбінесе  синоним  ретінде  қолданылады, 

дегенмен  олардың  арасында  аздаған  айырмашылық  бар.  Білім  құмарлық  деп 

әдетте  адамның  ӛмірде  кездесетін  жана  нәрсені  білуге  ұмтылысы  айтылады. 

Ізденімпаз деп нәрсені жан-жақты білуге, ӛзіне әлі таныс емес құбылыстар мен 

байқаған  фактілерінің  негізгілеріне  жетуге,  бұл  фактілердің  шығу  кӛздерін 

білуге,  яғни  онымен  байланысты  нәрсенің  бәрін  анықтауға,  онда  ӛзгеріс 

туғызатын жағдайларды ашуға  ұмтылатын адамды атайды. 

Үнемі  жаңалыққа  ұмтылу,  сол  жаңаны  білуге,  ӛмірде  байқалған 

құбылыстардың  әр  қырын  керуге  талпыну  ретіндегі  білім  құмарлық  пен 

ізденімпаздық  ескі  трафаретті  бағаларды,  түсіндірмелерді,  әрекет  тәсілдерін 

қанағат тұтпайтын адамға тән сипат. 

Ақылдың  тереңдігі.  Мәселе  қою  —  ақыл-ойлық  қызметтің  аса  маңызды 

буыны.  Оны  шешу  үшін  бастыны  қосалкыдан,  жорамалды  шындықтан, 

құбылысты  шығу  тегінен,  негізгіні  детальдан  ажырата  білу  қажет.  Сұрақ  қоя 

білу  («неліктен,  неде?»  т.  б.)  және  құбылыстың  тегін  ашу,  құбылыстар, 

арасындағы  және  олардың  ӛз  ішіндегі  кез  келген  емес,  ең  негізгі,  елеулі 

байланыстарды  таба  білу  ақылдың  тереңдігін  білдіреді.  Терең  ақыл  үстірт 

білімді,  «біреудің  айтуы  арқылы»  білуді  қанағат  тұтпайтын  адамдарға  тән 

сипат. Ақылы терең адам зерттелінін жатқан фактінің ең мәнді жақтарын ашуға 

және  оның  ӛзіне  белгілі  басқалай  құбылыстармгн  жан-жақты  байланысын 

жасауға  талпынады.  Сондықтан  терең  ақыл  кӛбінесе  білім  құмарлықпен 

ұштасады. 

Ақылдың  икемділігі мен  оралымдылығы.  Әр  мәселені  шешу  үшін  адамда 

бар  тәжірибені  кеңінен  және  ӛте  мұқият  мүшелеп  пайдалану  талап  етіледі; 

сондықтан  оның  ойлауы  икемді  және  оралымды  болып  келуі  керек.  Нақты 

мәселені  шешуге  сан  алуан  түрлі  білімді  жұмсай  білетін  адам  жайлы  осыны 

айтуға  болады.  Ол  бұрын  орныққан  байланыстардан  назарын  басқа  жакқа  тез 

аударуға,  жаңа  үйлесімдер  жасауға  таныс  ұғым,  бейне,  байланыс,  заңды  жаңа 

қатынастарға енгізуге, затқа жаңа, әдеттен тыс тұрғыдан қарауға, елеусіз болып 

кӛрінетін фактілерді салыстырып, тиісті қорытындылар жасауға да қабілетті. 

Ақылдың  осындай  оралымдылыгы  —  ойлау  тереңдігі  мен  шапшаңдығы 

үйлесімін  тапқан  ақыл  тапқырлығынан  кӛрінеді.  Әдеттен  үйлесімділік,  ең 

маңызды  жайтты  тез  анықтаушылық,  жаңа  шешімдерге  оңай  келушілік 

ақылдын тапқырлығын, ор-лымдылығын, сонылылығын білдірсді. 

Логикалылық.  Ақылдың  бұл  сапасы  ой  процесінің  ӛзінін  барысын 

сипаттайды  және  алдымен  талдау  —  синтездеу-арақатысымен  анықталады. 

Ойлау процесінің бағытының айкындығы, оның бір ізділігі, қойылған мәселеге 

сай  келушілігі,  логикалылығы,  барлық  ірі  және  ұсақ  детальдарды  салыстыра 

білушілік  адамға  болашақ  (немесе  бұрын  болған)  құбылыстын  барысын 

анықтауға мүмкіндік береді. Ақылдың  мұндай логикалылығына мысалы, ертең 

болатын  шайқастың  барысын  жоспарлайтын  қолбасшы,  жана  формула 

шығаратын математик, әр окүшы мен бүкіл сыныптағылардың  ерекшеліктерін 

жақсы білетін педагог ие. 

Ақылдың  дәлелділігі  мен  сыншылдығы.  Адам  танымның  ең  жоғары 

сатысына  алдында  тұрған  мәселені  дұрыс  шешуге  жеткенде  ғана  емес,  ӛз 

шешкендерін негіздей білгенде кӛтеріледі. 

Адамның  ойлауы  дәлелділік  пен  нанымдылыққа  оның  пікірлерінің, 

қорытындыларының 

дұрыстығын 

растайтын 

фактілерді, 

шындық 

құбылыстарын,  ашылған

 
заңдылықтарды  ӛзінде  бар  білімнен  іріктеп  алуды 

білетін  шағында  ғана  емес,  сонымен  катар  осыған  басқаларды  да  нандыра 

алатын шағында ие болады. 

Ойлаудың  дәлелділігі  келтірілген  негіздеудің  логикалығын,  бір  ізділігін 

қажет  етеді.  Білімді  пайдалана  білу  және  ӛзіңе  де,  басқаға  да  адамның  бұл 

ережені қолданған, арнайы жасаған себептерін түсіндіру — ойлау процесінің ӛзін 

оның  барлық  буындарында  реттеп,  ӛтуінің  бір  ізділігін  де  қадағалап  отыруды 

қажет  етеді.  Ойлаудың  бұл  ерекшелігі  ақыл-ой  қызметінің  бүкіл  процесіне 

ақылға қонымды және дәлелді сипат береді. 

Ойлау сапаларының тӛмендегідей түрлері болады.  

Ойлау  ӛрістілігі  —  адамның  мәселені  тұтастай  қамтып,  сон  бірге  оның 

жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті 

Ой  тереңдігі  —  күрделі  мәселелердің  мәніне  жете  енуден  кӛрінеді 

тереңдігіне  қарсы  сапа  —  ой  үстірттігі  Мұндайда  адам  басты  нәрсені    кӛрмей, 

қажеті кем жағдайлардан аса алмайды. 

Ой  дербестігі  —  адамның  жаңа  міндеттерді  алға  тартып,  басқалар 

жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу. 

Ой  асығыстығы  —  тұлғаның  кезіккен  мәселені  жан-жакты  ойластырып 

алмай, кандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жеткілікті  ой сарабынан 

ӛтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті. 

Ой икемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыпт әдіс-тәсілдері 

құрсауына  маталып  қалмай,  қалыптан  тыс  шешім  жолдарын  іздестірудегі 

еркіндігі, жағдай ӛзгерістеріне орай жаңаша ой  жүргізу қабілеттілігі. 

Ой  жүйріктігі  —  адамнын  ауысқан,  бейтаныс  жағдайлар  мәнін  жылдам 

түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу касиеті. 

Ойлау  әрекетінде  кӛрініс  беретін  шабандық  нерв  жүйесінің    типі  —  жай 

козғалғыштығымен байланысты.  

Ой  сындарлылығы  —  адамның  ӛзінің  де,  ӛзгенің  де  ой,  пікірін    шынайы 

бағалай  білу  ептілігі,  алға  тартылған  тұжырымдар  мен    қорытындыларды  

тиянақты  әрі  жан-жақты  тексерістен  ӛткізу    қабілеті.  Ойлаудың  жеке-

даралықты  ерекшелігі  әр  адамның  ӛзін  ӛз  қызметімен  байланысты  ойлау 

түрлерін таңдай білуіне байланысты.  Мысалы, бір адам — кӛрнекі — әрекеттік ой 

түрін  таңдаса,  екншісі  —    кӛрнекі  —  бейнелі  ой  толғастыруды  қалайды,  ал 

үшіншісі, тұлғалық    деңгейі жоғары адам — абстракт-логикалық ойлауды  қару 

етеді. 

 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 
1.  Ойлау дегеніміз не? Ойлаудың қандай операциялары бар? 

2.  Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай? 

3.  Ұғым дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?  

4.  Пікір, ой қорытындылары жайлы не білесіз? 

5.  Ақылдың қандай сапаларын білесіз? 

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Жарықбаев Қ.Б. Психология  негіздері. Алматы  2005ж.,  -415б.  
2.   Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.  

3.  Лурия А.Р. Язык и мышления. М., 1979г., -356с. 

4.   Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с. 

5.   Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995,  1том  -573с., 2том  —  

491с.

6.  Намазбаева Ж.И. Психология  Алматы: 2005, -293б. 

7.  Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі»,  

2005ж.,1-5т. 1 т. — 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б. 

8.  Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: Учебник  

пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997г., -345с. 

9.   Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с. 

10. Хрестоматия по общей психологии: Психология мышления. М. Изд-во  

МГУ, 1981г., — 380с. 

 
№ 13  дәріс. Сөйлеу. 
Жоспар: 
     
1. Сөйлеу туралы ұғым. 
          2.  Сөйлеудің түрлері. 
          3.  Сөз сөйлеу стильдері. 
 
    
1. Сөйлеу туралы ұғым. 
Адам  ӛзінің  ӛмір  қажетін  ӛтеуге  байланысты  басқа  біреулермен 

пікірлеседі,  ӛз  қимыл-қозғалыстарын  басқару,  реттестіру  үшін  басқалармен 

қарым-қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, тілінің грамматикалық 

ерекшелігіне сәйкес сӛз тіркестерін пайдаланады. 

Тіл,  сӛйлеу  ежелден  бері  жеке  адамның  да,  қоғамдық  ой-санасын 

дамытып  жетілдіруде  аса  маңызды  рӛль  атқарады.  Сӛз  ойлы  да,  мәнерлі  де 

болуы  тиіс.  Әйтпесе,  ол  кӛздеген  мақсатына  жете  алмайды.  Халқымыз  мәнді 

сӛйлейтіндерді  «сӛзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама 

ғалымы  Жүсіп  Баласағұн  «Ақылдың  кӛркі  тіл,  тілдің  кӛркі  сӛз»  деп  тауып 

айтқан.  Тіл  арқылы  жеке  адамның  тәжірибесі,  санасы  ұжымның  басқа 

мүшелерінің игілігіне айналады. 

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сӛйлеу деп атайды. Сӛйлеу 

—  пікір  алысу  процесінде  жеке  адамның  білгілі  тілді  пайдалануы.  Бір  тілдің 

ӛзінде сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. 

Сӛзді  қабылдау  және  оны  ұғыну  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Сӛзді 

дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сӛздерді қабылдаудың 

ӛзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, 

бірінсіз-бірі  іске  аспайды.  Интонацияны  қабылдау  сӛйлеу  аппаратында, 

адамның  мәнерлі  қозғалыстарында  түрліше  реакция  тудырады.  Мәселен, 

бұйрық  интонациясы  бойынша  іс  орындалса,  тілек  интонациясына  келісу 

немесе келіспеушілік білдіреді. 

Адамға  тән  сӛйлеу  әрекетінде  екі  сипат  болуы  шарт.  Бұларсыз  сӛйлеу 

ӛзінің  қызметін  дұрыстап  атқара  алмайды.  Мұның  біріншісі  —  сӛйлеудің 

мазмұндылығы,  екіншісі  —  оның  мәнерлілігі  делінеді.  Сӛйлейтін  сӛзде  мазмұн 

болмаса, ол ӛзіндік сӛздік мәнін жояды. Сӛздің мазмұндылығы дегеніміз екінші 

біреуге  жеткізілетін  ойдың  айқындығы.  Ойы  саяз  кісі  бос  сӛзді  болады,  оның 

сӛзі де айқын, таза болмайды. 

Сӛздің  мәнерлілігі  дегеніміз  —  адамның  сӛйлеу  кезіндегі  эмоциялық 

қалпын  білдіре  алуы,  яғни  әрбір  сӛйлемді  ӛзінің  сазымен  айта  алуы.  Халық 

жақсы сӛйлейтін адамдарды «сӛзі мірдің оғындай екен»  дейді. Мәнерлі сӛйлей 

білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А.  С. Макаренко бұл жӛнінде: 

«Балалар сіздің сӛзіңізден ӛзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке 

ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,- дейді. 

Сӛйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз 

қуысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. 

Сӛйлеу  әрекеті  үлкен  ми  сыңарларының  анализдік  —  синтездік  қызметінің 

нәтижесі.  Француз  ғалымы  Брока  «адамдардың  ми  сыңарларының  сол  жақ 

бӛлігінде  (маңдай  қыртысының  тӛменгі  жағында)  адамның  дыбыстап  сӛйлей 

алуын     басқарып тұратын   жүйке орталығы бар, ал сӛзді қабылдау  кӛптеген 

анализаторлардың (кӛру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен  қызметін қажет етеді»-, 

дейді.  Неміс  ғалымы  Вернике  басқа  біреудің  сӛзін  есіту  мидың  сол  жақ 

сыңарындағы  самай  бӛлігінің  арт  жағына  орналасқан  жүйке  орталығының 

қызметіне байланыстылығын айтады. 

Сӛзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, кӛру, сипау, сипай-

сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен  қызметін реттестіріп отыратын сол жақ 

ми  сыңарының  тӛбе,  самай,  желке  бӛліктерінің  қызметі  де  ерекше.  Сӛйлеу 

қабілеті  мидың  анатомиялық  функциясына  байланысты  болып  келетіндігін 

мына  мысалдан  жақсы  кӛруге  болады.  Егер  оның  сол  жақ  бӛлегі  зақымданса, 

адам  сӛйлей  алмайтын  жағдайға  душар  болады.  Мұндай  құбылысты  ғылымда 

афазия деп атайды. Мұның  бірнеше  түрі бар. Бірінде сӛйлеу органдары толық 

сақталғанмен,  қиналып  сӛйлейді,  тілі  күрмеледі,  дыбыс,  үн  шығару  қиынға 

соғады.  Афазияның  екінші  түрінде  адам  ӛзі  сӛйлей  алғанмен,  басқа  біреудің 

айтқанына  түсінбейді.  Мидың  бір  жеріне  қан  құйылу,  оның  тамырларының 

тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп 

болатын факторлар. Мұның емін логопед-дерігерлер жасап отырады. 

Сӛз  әлдебір  нәрсені  хабарлау  үшін  заттың  атауын,  қимылды,  қалыпты   

т.б.   білдіруі  керек. Сӛйлеудің  бұл функциясы сигнификативтік деп аталды. 

Сигнификативтік  функция  адамның  сӛйлеуін  жануарлар  коммуникациясынан 

айырып тұрады. Жануарлар шығаратын дыбыс объекті білдірмейді, қорқыныш 

жағдайын, аштықты немесе қанағаттанғандықты білдіреді, бұлардың белгілі бір 

жануарлар  тобына  ортақ  болуы  себепті  осы  дыбыстар  ӛзгелері  үшін  сигнал 

болып табылады. Ал адам заттың  немесе  құбылыстың атын атап сӛйлейді.  

Сӛйтіп,  қарым-қатынас  процесінде  бірін-бірі  ұғысу  сигнификацияның 

бірлігіне  негізделген.  Мұны  сӛйлеуді  үйренудің  алғашқы  кезеңінде  оңай 

аңғаруға болады. Кӛрсетіп тұрып айтсаңыз бала сӛздің нені білдіретінін ұғады. 

Кӛрсету  дегеніміз  —    кӛз  алдындағы  затты  оның    қалай  аталуымен  ұштастыра 

ұғындыру.  

Сӛйлеудің  екінші  функциясы  —  жалпылау.  Сӛз  жеке  затты  ғана  білдіріп 

қоймайды,  бір-біріне  ұқсас  заттар  тобын  да  білдіреді  және  әрдайым  олардың 

елеулі  ерекшеліктерін  кӛрсетіп  береді.  Сӛзді  жалпылау  функциясы  ойлаумен 

тығыз  байланысты.  Егер  сигнификативтік  функция  сӛзді  барлық  сана 

бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сӛйлеудің ойлаумен тығыз 

байланысын  білдіреді.  Сӛйлеу  абстракты-логикалық  ойлау  үшін  неғұрлым 

адекватты ойдың   ӛмір сүруінің формасы болып табылады. 

Сӛйлеудің  үшінші  функциясы  —  коммуникация  функциясы  —  білімді, 

қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер,  сӛйлеудің алғашкы  функциясын ішкі 

психикалық  іс-әрекет  деп  қарауға  болса,  коммуникативтік  функция  —  басқа 

адамдармен  қатынас  жасауға  бағытталып,  ӛзгелерге  естірте,  дауыстай  сӛйлеу 

әрекеті.   

Сӛйлеудің  коммуникативтік  қызметін:  информациялық,  баурағыштық 

және  ырықты білдіру деп үш түрге  бӛлуге болады. 

Сӛйлеудің    информациялық  жағы  білім  беруде  кӛрінеді  және  белгілеу, 

қорыу,    функцияларымен  тығыз  байланысты  болады.  Информациялық  жағы 

ойды тап басып білдіретін, сӛз таба білуді қажет етеді. 

Сӛйлеудің баурағыштық жағы сӛйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын 

және сезімін жеткізуге кӛмектеседі. Мысалы, оңаша сырласқан  шақта адамның 

даусы  бір түрлі,  ал  ресми  әңгімеде  екінші    түрлі  болып  шығады.  Ішкі  ойымен 

орайласа  айтылып,  жалынды  сезімді  білдіретін  сӛздер  дәлелді  болмаса  да 

адамды сендіреді. 

Ырықты  білдіре  сӛйлеу  тындаушының  әрекетін  сӛйлеушінің  ниетіне 

бағындыруды кӛздейді. А. С. Макаренко «Мұнда кел» деген сӛзді жиырма түрлі 

сарынмен айтуды  үйренгенше   ӛзін шебер педагог есептемегені  жайлы  жазған 

болатын. Комуникативтік  фнкцияның бұл жағы сӛйлеуде сезім мен қатынасты 

білдірумен  тығыз байланысты. 

Балалармен  жұмыс  істеу  кезінде  коммуникацияның  әсерлілігін 

анықтайтын    қатынас  стилі  қалыптасады.  Сӛз  дауысты  кӛтермей,  жай  ғана 

ақырын  айтылуы  немесе  айқайға  пара-пар  катты  шығуы  мүмкін.  Бірақ  ол 

әрқашан  мазмұнымен  және  формасымен  әсер  етеді.  Дауысты  кӛтере  сӛйлеу 

қарым-қатынаста  биязы  сабырлылық  болған  жағдайда  ғана  әсерлі  болмақ. 

Ондай  дауыс  немкұрайдылықты  білдірмейді,  әрі  тебіреніс-толғаныс  күйін 

Оцените статью
Бизнес Болика